$ 444.22  476.38  4.82

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазақавтожол» ЖШС таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қызылорда облысында 18 ақпан сағат 00:05-тен бастап көктайғақ салдарынан республикалық маңызға ие М-32 «Самара-Шымкент» автожолының 1812-1568 шақырым аралығы (Қызылорда-Төретам) барлық көліктер жабылды. 

Бұдан тыс, 17 ақпаннан бері: 

- Алматы облысында облыстық маңызға ие «Үшарал-Қамысқала» автожолы (7-60 км); 

- Қызылорда облысында жаңбыр мен көктайғаққа байланысты облыстық маңыздағы KN-15 «Қызылорда-Жалағаш» (0-91 км, Жалағаш-Қызылорда) және KN-3 «Самара-Шымкент-Тереңөзек» (0-18 км, Тереөзектен-«Самара-Шымкент» күре жолына дейін) автожолы; 

- Жамбыл облысында боран соғып, көру мүмкіндігінің төмендеуіне  байланысты облыстық маңызы бар «Тараз-Жаңатас» автожолы да (100-170 км) көліктің барлық түру үшін жабық.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары