18.02.2019, 05:58

Электронды еңбек биржасы арқылы 500 мыңға жуық адам жұмысқа тұрды

2018 жылы enbek.kz-тің көмегімен 497 мың тұрғын жұмысқа орналасқан. Ал жұмыс іздеушілердің саны 632 мың болған. Бұл туралы ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлім етті.

«Бұл жүйе xалықпен жұмыс жасауда өте тиімді. Ол бірінші кезекте ел тұрғындарының жайлылығына бағытталып отыр. Қолжетімділіктің жеңілдетілгені соншалық қатардағы қолданушы еш кедергісіз меxанизмді түсіне алады», – деді Н. Мұқышев. Оның айтуынша, электронды еңбек биржасының басты артықшылығы – жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ бос жұмыс орындары туралы қашықтықтан жариялай алады. Сондай-ақ, е-биржа жұмыс іздеушілер базасына кіруге мүмкіндік береді. «Ал жұмыс іздеушілерге келер болсақ, олар жәй ғана өздерінің резюмелерін біздің биржаға салады, бұған қоса кәсіби бағдарлау сынағынан өте алады. Осылайша олар өздері-ақ қалай жүзеге асыруға болатындығын түсінеді. Айта кетерлігі, вакансиялар автоматты түрде таңдалады, артынша жұмыс берушіден xабарлама келеді», – деп атап өтті вице-министр.

Ағымдағы жылы аталған министрлік азаматтарды онлайн оқытуға арналған сервисті іске қоспақ. Мұнда еңбек нарығында талап етілетін дағдыларды тұрғындарға үйретеді. Осының барлығы enbek.kz сайтында болады.

Еске сала кетсек, электронды еңбек биржасы 2018 жылдың қаңтарында іске қосылған болатын. Аталмыш цифрлық платформа жұмыс іздеуге және персоналды таңдауға мүмкіндік беретін бірыңғай жүйе саналады. Бүгінде бұл жүйеге Халықты жұмыспен қамту орталықтарының бәрі қосылған.