Астанада 13 жастағы Өмірхан Бақдаулет 3 күннен бері ұшты-күйлі жоқ деп хабарлайды Lider.kz волонтерлері.
«16 ақпан күні сағат 17:22-де Өмірхан ата-анасына хабарласып, мұз айдынына баратынын айтқан. Арадан 1 сағатқа жуық уақыт өткен соң оның телефоны сөндірілген. Сол күні таңғы сағат 4-ке дейін полицейлер мен ата-анасы оқушыны 40-бекет ауданынан іздеп таппаған. Сыныптастары да жасөспірімді көрмеген», – дейді волонтер Ольга Тультаева.
Волонерлардың айтуынша, бала бұған дейін бір де бір рет жоғалмаған.
Дереккөз: NewTimes.kz.