$ 494.87  520.65  4.91

Жақында ғана істі болған Гауһар Әлімбекова Ақботаның тойында ән салды (ВИДЕО)

Өткен айда ғана «Алаяқтық» бабымен істі болған әнші Гауһар Әлімбекова өзіне қолдау көрсеткен құрбысы Ақбота Керімбекованың ұлының тойында ән шырқады. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі @bakyt_show парақшасында жарияланды. 

Әлімбекова өзінің «төлқұжатына» айналған «Ақ келін» әнін орындап, той иелерін қуаныштарымен құттықтады. 

Айта кетейік, 19 ақпан күні Ақбота Керімбекова Біржан атты ұлын үйлендіріп, ұланасыр той жасады. Дүбірлі жиында Роза Әлқожа, Меруерт Түсіпбаева, Айгүл Иманбаева секілді өнер жұлдыздары болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары