$ 444.32  473.33  4.76

Сұлтанов студенттерге әлеуметтік көмек берілетінін айтты

Елордада білім алатын студенттерге әлеуметтік пакет ұсынылады.  Бұл туралы Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

«2019 жыл Елбасымыздың бастамасымен «Жастар жылы» болып жарияланды. Жас адамның бойына тән қасиет – максимализм. Ендеше, 2019 жыл – қолға алынған әлеуметтік бағдарламаларды максималды түрде іске асыратын жыл. Астана тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған нақты қадамдарға қорықпай барып, мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек. Оның үстіне, Елбасымыз біздің алдымызға нақты талаптар қойып отыр. Астана – түрлі дарындар мен таланттардың ордасына айналуы керек. Бұл Елбасымыздың артып отырған міндеті», - деді Сұлтанов.

Қала басшысы жақында Жастар ісі жөніндегі кеңестің жиынына қатысқанын, онда жастармен пікірлесіп, түрлі мүмкіндіктерді ескеріп, маңызды басымдықтарды анықтағанын айтты. 

«Елбасымыздың бізге қойған талаптарына сай, «Астана жастары-2019» жол картасын әзірледік. Құжатқа жастарды демеп жіберу, дұрыс бағытқа жетелеу және бойындағы талантын танып, тамырын жаюына жағдай жасау мақсатында шаралар енгізілді. Биыл «Жастар» сарайын қайта қалпына келтіреміз. Ол жастар мен мемлекеттік орган байланыс орнататын нүкте болады. Жалпы табысы үш ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аспайтын көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға Астананың жоғары оқу орындарында білім алу үшін жеке гранттар ұсынылады. Бұл қосымша – 25 миллион теңге», - деді әкім. 

Ол сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын алу үшін техникалық және бейінді білім беру мекемелеріне қосымша 1 мың астам грант бөлу көзделгенін айтты. 

«Оқу кезінде жатақханада тұру, тегін жолақы мен тамақтану, стипендия кіретін толық әлеуметтік пакет ұсынылады. Міне, студенттер үшін жақсы жаңалық. Астанада ЖОО түлектері жастар практикасы бағдаралмасы бойынша жұмысқа орналаса алады. Бизнестің жол каратсы бойынша кәсіпкерлік негіздері оқып, қажетті консультация алып, жеңілдікпен несиелеу бағдаралмасына қатыса алады», - дейді қала басшысы халыққа есеп беру кездесуінде.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары