Астанадағы Қонаев көшесіндегі КазМедиа маңында ер адам газ баллонын ұстап, өзін жарып жіберетінін айтқан.
Оқиға орнына полицейлер мен өрт сөндіру көлігі жеткен.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам үйінің сүріліп кеткенін, бар жоғы қолына 1 млн теңге алғанын айтып, өзін жарып жіберетінін мәлімдеген.
Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов оқиғанын мән-жайы әзірге белгісіз екенін, толығырақ ақапартты алдағы уақытта хабарлайтынын айтты.