$ 524.58  551.91  4.93

Астанада өзін жарып жібермек болған ер адам ұсталды

Астанадағы «Казмедиа орталығы» маңында өзін жарып жібермек болған ер адам ұсталды деп хабарлайды ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

«Оның барлық талабы тыңдалуда. Бәрі анықталғаннан кейін толық ақпарат береміз. Әзірге ер адам Есіл аудандық полиция басқармасына әкетілді», – дейді ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз. 

Айта кетейік, бұған дейін Қонаев көшесінде ер адамның өзіне жанармай төгіп, газ балонымен жарып жібермек болғанын жазған едік. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, ол сүріліп кеткен үйіне берілген 1 млн теңге өтемақыға көңілі толмаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары