20.02.2019, 10:42

«Еркекпен жақындаспадым»: толғағы қысқан келіншек босанудан бас тартты

Қытайда жүкті келіншек толғағы қысқан кезде босанудан бас тартып, өзінің пәк екенін және ешқашан ер адаммен жыныстық жақындықта болмағанын айтып сендіруге тырысты, деп хабарлайды The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Гуйян қаласының 20 жастағы тұрғыны 6 ақпанда іші ауырып, ауруханаға түскен. Дәрігерлердің мәліметінше, ол толықтығы үшін өзінің жүкті екенін білмеген. Ауруханада толғағы қысқан келіншек босанудан үзілді-кесілді бас тартып, дәрігерлердің пәктікті анықтайтын тест жасауын талап етіпті.

Артынша жүкті әйел дәрігерлерге өзін босандыруға кдергі келтіріп, олардың қателескенін айтып дауласқан. Ол «ер адамдарды жақсы көрмейтінін» және «жігітпен төсек қатынасында болмақ түгілі, ешқашан кездеспегенін айтты». Ал дәрігерлердің сауық кешінде есінен айырылғанша ішімдік ішіп, осылайша жүкті болып қалғаны туралы сұрағына «ішімдік ішіп көрген емеспін» деп жауап берген.

Дәрігерлер пациенттің қарсылығына қарамастан, кесір тілігін жасап, босандырып алды. Жаңа туған сәбиді әйелдің ата-анасына табыстады. Себебі ол туған перзентіне жақындағысы келмеді.

Қазіргі уақытта жас босанған ананың баласын балаларын үйіне өткізетін-өткізбейтіні белгісіз. Сондай-ақ, сәбиінің әкесі кім екені де беймәлім.