Қарағанды облысы Жезқазған қаласында әйел мен оның жаңа туған сәбиі қайтыс болды деп жазады NewTimes.kz.
Оқиға 18 ақпан күні болған. Әйел сәбиін кесір тілігімен босанған. Дәрігерлер екеуін де аман алып қала алмады. Әйел жүктілілігінің 7-айында болған.
Оқиғаны Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр. Толығырақ мәліметті брифинг барысында жарияламақ.