$ 475.25  505.52  4.95
Жаңалықтар 23.02.2019 сағат 05:34

Астана тұрғыны 20-дан астам қоқыс контейнерін ұрлаған

Елордалық полицейлер металл қабылдау бекеттерінің заңсыз қызметін анықтау және оның жолын кесу бойынша іс-шараларды өткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана тұрғыны 20-дан астам қоқыс контейнерін ұрлаған

Қалалық полиция департаментінде белгілі болғандай, тәртіп сақшылары қоқыс жәшіктерін ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады. 

«21 ақпанда полицияға ПИК өкілінен түнгі уақытта белгісіз тұлғалардың 20-дан астам қоқыс жәшіктерін ұрлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Полиция 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – делінген хабарламада. 

Қ.Байсетова көшесіндегі металл қабылдау пунктінде қоқыс жәшіктері  тәркіленді. Қабылдау пунктінің иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. 

«Елордада ұрланған металл қабылдайтын пункттерді анықтау үшін 22-24 ақпан аралығында «Цветмет» жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізіледі», – делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар