$ 448.89  477.93  4.76

Ресейде қанша қазақ бар?

Ресейдегі Қазақстан азаматтары саны бойынша үшінші орынға тұрақтады. Бұған дейін көрші мемлекеттегі қазақтардың саны мұндай деңгейге жеткен емес. Бұл туралы365info.kz хабарлайды.

Ресейдің Федералды миграциялық қызметі (ФМҚ)мемлекеттегі шетел азаматтарының санына байланысты соңғы мәліметті (4 қазан, 2015 жыл) жариялады. Орталық Азиядан көшіп келгендердің жалпы саны — 4 млн-нан астам.

ФМҚ статистикасы бойынша, Ресей Федерациясының аумағындағы шетелдіктердің саны төмендегідей:

2 029 945 — Өзбекстан азаматтары (1 654 508 ер және  375 437 әйел);

966 789 — Тәжікстан азаматтары (807 964 ер және 158 825 әйел)

702 938 — Қазақстан азаматтары (412 942 ер және 289 996 әйел),

520 328 — Қырғызстан азаматтары (315 137 ер, 205 191 әйел),24 229 — Тәжікстан азаматтары (15 250 ер, 8 979 әйел)

Еске салайық, қазіргі уақытта Ресейде жүрген қазақстандықтардың көпшілігі (121 000 адам) — 18-29 жас аралығындағы ер адамдар.

ФМҚ-ның статистикасы бойынша, тамыз айы мен қазан айын салыстырғанда Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарының саны азайып, Қазақстан, Қырғызстан , Түркіменстан азаматтарының саны өскен.

Барлығын қосқанда Ресей мемлекеті аумағында Орта Азия мемлекеттері азаматтарының саны 4 224 229-ға жеткен(тамыз айының соңында 4 302 098 адам болған).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ресей #Қазақ