Шымкентте қоғамдық көліктің ішінде қайтыс болған әжейдің туыстарына іздеу салынды деп жазады Elitar.kz.
Әйел өзін нашар сезініп, аяқасты есін жоғалтып алыпты. Жедел жәрдем 8 минутта келіп үлгергенімен оны құтқара алмады. Марқұмның өзімен бірге ешқандай құжаты, ұялы телефоны болмаған. Сондықтан оның денесі полицейлерге берілді.
"Әзірге туыстарының ешбірі әжейге іздеу салған жоқ. Қазіргі таңда оның неден қайтыс болғаны анықталып жатыр және марқұмның туыстарына өзіміз іздеу салдық", - дейді қаланың полицейлері. Қарияның жасы шамамен 74-75-те.