14.10.2015, 08:50

Еліміздің басым аумағында 10 градусқа дейін суық болады

Қазақстанның басым аумағында 10 градусқа дейін суық болады, - деп хабарлайды  «Қазгидромет» кәсіпорны.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде жауын жауады.

«Тек батыс, орталық және шығыста күн ашық болады. Еліміздің бірқатар өңірінде түнгі ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендеп, тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 3-8 градус жылы болады. Күндізгі температура 5-10 градус (+), ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 12-20 градус жылы болады», - деп хабарлады синоптиктер.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер үсікке байланысты Қазақстанның үш облысында ескерту жариялаған болатын.