25.02.2019, 10:46

Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігін таратты

Қазақстанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылды деп жазады Tengrinews.kz.

Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылсын», - делінген жарияланған құжатта.

Бұрынғы министрліктің функциялары Қазақстанның Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылады. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық дамуы министрлігі пайда болады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің барлық өкілеті осы министрлікке тапсырылады.