25.02.2019, 11:51

Елбасы үкіметтің жаңа құрамын бекітті

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Тағайындау: Смайылов Әлихан Асханұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жеңіс Махмұдұлы - премьер-министрінің орынбасары;

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы - Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі;

Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы - Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев - Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі;

Абаев Дәурен Әскербекұлы - Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Бекетаев Марат Бақытжанұлы - Қазақстан Республикасының әділет министрі;

Біртанов Елжан Амантайұлы - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі;

Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев - Қазақстан Республикасының энергетика министрі.

Дереккөз: Tengrinews.kz