Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды деп жазады Tengrinews.kz.
Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша комитет мүшелеріне білім және ғылым министрі қызметіне Күләш Шәмшидинованы ұсынды.
Шәмшидинова бұған дейін «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ-ның басқарма төрайымы қызметін атқарған еді. Ол 1958 жылы 4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін бітірген. Түрлі жылдары химия пәнінің мұғалімі, орынбасар, мектеп директоры болып жұмыс істеді. 1996 жылдан 2002 жылға дейін - Талдықорған әкімінің орынбасары. 2002 жылдың ақпанынан 2005 жылдың мамырына дейін - ҚР білім және ғылым вице-министрі. 2005 жылдың 23 мамырынан 2007 жылдың сәуіріне дейін – «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры. 2007 жылдың сәуірінен 2009 жылдың қазанына дейін - ҚР білім және ғылым вице-министрі. 2009 жылдың қазанынан 2019 жылдың ақпанына дейін – «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ-ның басқарма төрайымы.