Теміртау тұрғыны Сергей Состравчук көшеде асулы табылды. Оған бір ай бойы еріктілер тобы мен құқық қорғаушылар іздеу жариялаған болатын деп жазады Nur.kz.
Ер адам көпір астынан жаяу жүргіншілер аз жүретін жерде табылды. Көрінбейтін жерде болған соң да оны іздестіруге көп уақыт кеткен.
29 жастағы Сергей үйінен 26 қаңтарда шығып кеткен. Оның жақындары жігіттің өзіне қол салуына ешқандай себеп болмағанын айтады.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция жұмыс жүргізуде.