Махамбет аудандық соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») әкімшілік істі қарады деп жазады Ақжайық басылымы.
Іс материалдарына сүйенсек, осы жылдың қаңтарында азамат А. WhatsApp мессенджерінде енесін әдепсіз сөздермен балағаттаған. Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Бірақ әйел айтқанынан қайтпады.
Ол күйеу баласына кешірім бермей, заңға сәйкес жауапкершілікке тартуды сұрады. Сот оған 1 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.