Алматыда 21 жастағы жігіт түнгі клубқа кеткеннен үйіне қайтып оралмаған. Айбек Қаниевті туыстары екі күннен бері іздестіріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Баласының жоғалғаны туралы әкесі Мұрат Құндақбаев facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Жас жігітті соңғы рет достары 24 ақпанда «Black Hole Bar» барында таңғы 4:00-де көрген. Содан жігіт үйіне қайтып келмеген. Телефоны екі күннен бері өшіп тұр.
Айбек үстіне қара күрте, кроссовка, джинсы киіп жүрген. Оның туыстары полицияға арызданды.