26.02.2019, 11:39

Алматыда түнгі клубтан кейін жоғалып кеткен жігіт табылды

Алматыда түнгі клубқа кетіп, артынша із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт табылды деп жазады Zakon.kz.

Айбек Қаниев аман-есен. Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері жігітті жақындарына дін аман жеткізді.

Еске салсақ, жігіттің әкесі өзінің желідегі парақшасында ұлының жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. Куәгерлер оны соңғы рет түнгі клубтың қасында көрген.