$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда алкогольдік ішімдік қымбаттайды

Қазақстанда ішімдік бағасы көтерілетін болды. Бұған қатысты үкіметтің 21 ақпандағы қаулысы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет» порталында жарияланды.

Арақтар мен айрықша арақтардың, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерінің 2019 жылғы ең төмен бөлшек сауда бағасы литріне 1 923 теңге болып белгіленді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Бұған дейін «арақтар мен айрықша арақтардың, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерінің» бөлшек сауда бағасы литріне 1 900теңге болған еді.

Айта кетсек, Қазақстанда ішімдік өнімдерінің тіркеу-бақылау маркалары мен темекі өнімдерінің акциздік маркаларын беру процесін жеңілдету жоспарда бар.

Дереккөз: Nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары