Әлеуметтік желіде арқасына сұғылған пышақпен аурухананы кезіп жүрген ер адамның видеосы тарап кетті. Ол желі қолданушыларының қызу талқысына түсті деп жазады «Казанский репортер».
Бұл оқиға Зеленодольск қаласындағы орталық ауруханада болған.
Ер адам аурухананың ішін жалаң іш киім мен арқасына сұғылған пышақпен кезген.
Медицина қызметкерлері оны тоқтатпақ болыпты. Бірақ ол өзінің шылым шеккісі келгенін айтқан.
Оны райынан тек дәрігер ғана қайтара алыпты. Ол науқасқа егер темекі шексе, көз жұмасың деген.
Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ер адамға дер кезінде көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа.