$ 442.05  474.14  4.74

Каирде пойыз өртеніп, 24 адам қаза тапты

Каир қаласының орталығындағы Рамсис станциясына кіре берісте пойыз өртеніп жиырмадан астам адам көз жұмды. Бұл жайында Египет Көлік министрлігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, пойыз Рамсис вокзалының 7-ші платформасына кіре бергенде қандайда бір бөгетке соғылған, нәтижесінде локомотивте жарылыс болып өртке оранған. Қазақ болғандар мен жарақат алғандардың басым көпшілігі платформада тұрғандар.

Египет БАҚ-ы апаттан 24 адамның көз жұмғанын және жарақат алғандардың саны елуден асатынын хабарлады. Адамдардың көпшілігі иістен уланған және дүрліккен жұрт вокзал платформасынан шыға алмай қалған.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары