«Эйр Астананың» Дели бағыты бойынша ұшуға жоспарланған барлық рейстер 2019 жылғы 1 наурызына дейін Пәкістанның әуе кеңістігі жабылуына байланысты орындалмайды. Бұл туралы компанияның қоғаммен байланыс депаратментінен хабарлады.
«Эйр Астана» колл-орталығы жолаушыларды тасымалдаудың барлық жолдарын шұғыл түрде қарастырып жатыр. Соның ішінде, форс-мажор жағдайларын реттейтін ИАТА ережелеріне сәйкес жолаушылар басқа әуе тасымалдаушылардың көмегімен жеткізілуі мүмкін», - деді департаменттен.
Бұған дейін Пәкістан әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Үндістанға рейстердің ұшпағанын хабарлаған болатынбыз.
Бөгелген рейстің жолаушылары қазіргі кезде Пәкістанның әуе кеңістігінен тыс Оман королдігінің астанасы Мускат әуежайы бағытында ұшты. Ол жерден жанармай құйып, бері Алматыға ұшып келеді. Алматыға жергілікті уақыт бойынша 17:22 қонады.
Дереккөз: ҚазАқпарат