Оралға қарасты Деркөл ауылында жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше күндіз Октябрь елдімекені маңында орын алған.
«Ер адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1991 жылғы ер адамның облыстық жедел жәрдем стансасының қоңырау қабылдайтын фельдшері болып жұмыс істегенін растады.