$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда қыздарын зорлады деп айыпталған әкеге байланысты сараптама нәтижесі шықты

Маңғыстау облыстық полиция департаменті кіші жастағы қыздарын зорлады деп айыпталған әкеге қатысты сот-медициналық сараптама шыққанын мәлімдеді.

Айта кетейік, анасы қыздарының, әсіресе, 2005 жылы туған қызының туған әкесінен сексуалды зорлық көргенін айтқан еді.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі, сот-медициналық сараптама нәтижесіне бойынша, әкесінің қыздарға сексуалды зорлық көрсеткені расталған жоқ.

«Сонымен бірге, іс бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті тергеуге бағытталған іс бойынша қосымша тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Қаңтар айының соңында әйел адам БАҚ-қа хабарласып, жағаұстарлық жайтты баяндады. Айтуынша, оның 10, 12, 14 жастағы қыздары туған әкесінен сексуалды зорлық көрген.

Алайда анасы полицияға жазған арызында 2005 жылы туған бір ғана қызының, зорланғанын атап көрсеткен.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары