$ 447.4  477.55  4.76

Батыс Қазақстанда жел тұрып, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 1 наурыз күні өңірдің кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады деп жазады ҚазАқпарат.

Сондай-ақ тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал. Облыс орталығы Орал қаласында да осындай ауа райы орын алып, желдің екпіні секундына 17 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

«Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда», деп хабарлады департаменттен.

Еске сала кетейік, өңірде боранға байланысты бес бағыттағы жолдар жабылды. Сондай-ақ, екі жүкті әйел мінген көлік қар құрсауынан құтқарылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары