Бүгін сағат 17:00-ден бастап Р. Қошқарбаев көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында қозғалыс шектеледі.
Аталмыш жол бөлігінде «№12 көшеден Абылай хан даңғылына дейін №14 көшені салу» жобасы аясында инженерлік жүйелерді тарту бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Бұл туралы Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлайды.
Көлік жүргізушілерін ақпараттандыру мақсатында қажетті ескертпе белгілер орнатылады. Аталмыш жол бөлігіндегі көлік қозғалысы қазан айының 19-ы күні іске қосылады деп күтілуде.
Елордалық басқарма кептелісті болдырмау үшін көлік иелерін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.