$ 448.15  483.46  4.86

Бүгін Қазақстнyың басым бөлігінде жауын жауады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуімен кей жерлерде бұрынғыша  жауын-шашын болуы, желдің күшеюі, тұман түсіп, көктайғақ болуы сақталады, республиканың оңтүстігінде ғана күн райы ашық болады.

Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл, Атырау, түнде Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Сонымен қатар Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды облысында да тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары