Жаңаөзенде үйдің шатырында ойнап жүрген 7 жасар бала құлап кетті. Қазір ол қалыпты ауыр хәлде жатыр деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Ата-анасының айтуынша, ұлдары үйдің шатырында ойнап жүрген. Төрт метрлік биіктіктен құлаған ол басын тасқа ұрған.
2012 жылы туған бала Жаңаөзен қалалық ауруханаға бас-ми және түрлі жарақаттармен жеткізілді. Баланы аман алып қалу үшін Маңғыстау облыстық ауруханасынан нейрохирург Ербол Кенжевалов арнайы келген.
Дереккөз: inaktau.kz