$ 444.22  476.38  4.82

Post.kz арқылы төлемдерді комиссиясыз жүзеге асыруға мүмкіндік туды

Бүгін еліміздегі жетекші пошта операторы «Қазпошта» АҚ төлем карталарын қолданушыларға арналған жағымды жаңалығымен бөлісті. Ол post.kz арқылы комиссиясыз төлем жасау мүмкіндігі. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

«Бүгін жақсы бір жаңалықпен бөліскім келіп отыр – енді Қазпошта төлем карталарын қолданатын клиенттеріміз post.kz арқылы зейнетақы жарналарын, міндетті медициналық сақтандыру жарналарын, әлеуметтік төлемдерді, коммуналдық және басқа да төлемдерді комиссиясыз төлей алады», – деді  С. Сәрсенов.

Сондай-ақ, ол тұтынушылардың тапсырыс беруіне арналған бірқатар мүмкіндіктерді де атап өтті.

«Қазір біздің карталарға тапсырыс беріп, төлемдеріңізді комиссиясыз өткізуге жақсы мүмкіндіктеріңіз бар. Android пайдаланушылары қазірдің өзінде біздің жеңілдіктерімізді пайдалана алады. Осы ретте, iOS-та жаңартулар жүріп жатыр. Сондай-ақ, телефоныңыздағы қосымшаны жаңартуды ұмытпаңыз», –  деп жазды Басқарма төрағасы. Жаңа жеңілдік төлем карталары бар тұтынушыларға арналған. Ал  төлем карталары жоқ клиенттер үшін төлем құны мынадай: ұялы байланыс үшін 50 теңге, коммуналдық төлемдер үшін - 100 теңге, зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік төлемдер үшін - 1%, бірақ 100 теңгеден кем емес, комиссия төлейтін болады. 

Айта кетейік, post.kz-тен 6000 қызмет түрін ала аласыз. Мәселен, сәлемдемелерді қадағалауға, оны поштаматқа жөнелтуге, пошта бөлімшесіне бару уақытын брондауға, ақша аударуға, хат жіберуге болады (КСК, балабақшалар, көлік және әлеметтік карталар және т.б.). 

Бүгінде post.kz-тың B2B клиенттері 800-ден астам компанияның қызметін  пайдаланады. Оларға бизнесті басқаруды қарапайым және ыңғайлы ететін гибридті электрондық пошталар мен сәлемдемелерді жіберу, онлайн-толтыру формалары кіреді. Аталған жаңа қызмет төлем жасаушылардың уақытын үнемдеуге және сапалы қызмет түрін алуға жағдай жасайды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары