02.03.2019, 03:15

Төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

2 наурыз күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес,  Астана, Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қазақстанның өзге қалаларында метеожағдайдың өзгерісі күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.