$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда автокөлік екі әйелді қағып кетіп, біреуі көз жұмды

Алматыда түнде автокөлік жолда екі әйелді қағып кетті. Оның біреуі оқиға орнында қаза тапқан. Ал екіншісі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді деп жазады sputniknews.kz.

Жол апаты Гагарин даңғылында, Бөгенбай батыр көшесімен қиылысқан тұсына жақын маңда болған.

Volkswagen Passat автокөлігі Гагарин көшесімен солтүстікке бағытқа қарай кетіп бара жатқан. Сол сәтте жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан екі әйелді қағып кетеді.

Көлік жүргізушісінің айтуынша, ол жолдан өтіп бара жатқан екі әйелді байқамаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары