04.03.2019, 09:45

Төреғали Төреәлі ұлды болды (ФОТО)

Эстрада әншісі Төреғали Төреәлі 3 қыздан кейін ұлды болды. Қуанышты жаңалығымен өнер иесі Instagram әлеуметтік желісінде бөлісті. 

«Ұл әкеп дүниеге жан жарымыз, Жарқырап кеткендей ме жан-жағымыз? Бұрын үйде орамал, көйлек көп ед, Көбейетін болды ғой шалбарымыз», – деп Төреғали сүйінші жаңалығын жырмен жеткізді. 

Желі қолданушылары жаппай әншіні құттықтап, «жаңа туған сәбидің бауы берік болсын» десі жатыр.