Жаңалықтар 05.03.2019 сағат 10:59  371

1 миллионға жуық қазақстандықтың жалақысы көбейеді – Сапарбаев

Қазақстанда шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер мен мәдени сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өседі. Бұл туралы 5 наурызда Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Астанада журналистермен кездесуде айтты деп жазады Азаттық.

1 миллионға жуық қазақстандықтың жалақысы көбейеді – Сапарбаев
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Шілдеде жалақы 30 пайызға өссе, біздің есебімізше, бір миллионға жуық қазақстандықтың айлығы көбейеді» деді министр.

Сапарбаевтың сөзінше, облыс, қала, аудан, ауыл әкімдіктерінде істейтін қызметкерлердің айлығы шілдеден бастап 25 пайызға өседі.

Баспасөз мәслихатына келген Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова әкімдікке келіп шағымданған әр ананың арызы жеке қаралатынын айтты.

«Қазір алдымызда жұмыспен қамту мәселесі тұр. Жұмыс бастау үшін, жұмысын жалғастыру үшін жастарға грант бөлу жағын қарастырамыз. Көп баласы бар аналарға үйде отырып, жұмыс істейтін мүмкіндік беруіміз керек» деді ол.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар