$ 444.22  476.38  4.82

Алматыдағы алып тиін наурыз мерекесіне орай безендіріледі

Наурыз қарсаңында атақты тиіннің басына тақия кигізіліп, қолына қызғалдақ гүлі ұстатылады деп жазады BAQ.KZ.

Алып тиін осындай күйде бір ай бойы тұрады. Funk креативті агенттігі арт-нысанды безендіру үшін 170 мың теңге жұмсалатынын айтуда. Сонымен қатар, 22 наурыз күні аталған нысан жанында NowRyz party фестивалі өтеді.

«Тиіннің қолындағы қызғалдақ ашық түсті болады. Осылайша тиін мереке символына айналады», – дейді Funk агенттігі.

Фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Алаңға ұлттық өрнектермен безендірілген киіз үйлер тігілмек. Олардың ішінде әртүрлі шеберлік сағаттары өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары