Оралда газға уланып, өзін өлтірмек болған бойжеткенді құтқарушылар құтқарып қалды деп жазады Мой город.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткеннің өз-өзін өлтірмек болғанын құрбысы хабарлаған.
«Оқиға орнына №3 бөлімшесінен құтқарушылар Нұрбек Тауашев, Бекжан Айтқалиев және Болатбек Сартаев барды. Пәтер іштен кілттеулі болған. Есікті бұзып кірген құтқарушылар газға уланып еденде құлап жатқан қызды көреді. Олар газды өшіріп, үйді иістен тазалаған. Сондай-ақ, сол уақытта басынан күйзелісті жағдайды өткізген қыздың құрбысына психологиялық көмек көрсетті», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ауруханаға жеткізілген бойжеткен жан сақтау бөлімінде есін жиған.