$ 443.85  474.3  4.8

Мереке күндері еліміздің кейбір өңірлері жауын-шашынды болады

Қазгидромет 7-10 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Алдағы демалыс және мейрам күндері Қазақстан территориясы бойынша ауа райын тез алмасатын көктемгі атмосфералық процесстер анықтайды.

Еліміздің солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар, боран, күшті батыс желі және көктайғақ күтілуде.

Ал, оңтүстік аудандардың кей жерлерінде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр түрінде болжануда. Республика бойынша ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, түнде және таңғы уақытта тұман болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары