07.03.2019, 03:14

Еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бейсенбі, 7 наурыз күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Орал, Атырау және Қарағанды қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.  ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.