$ 473.98  504.03  4.93
Жаңалықтар 07.03.2019 сағат 04:05

Павлодарда жасөспірімнің үстіне жарты метрлік мұз құлады

Павлодарда 5 қабатты үйдің подьезіне  кіріп бара жатқан жасөспірімнің үстіне мұз құлады деп жазады pavlodarnews.kz.

Павлодарда жасөспірімнің үстіне жарты метрлік мұз құлады

Төтеншеліктердің мәліметінше, оқиға Короленко көшесінде болған.

«Подьезге кіріп бара жатқан 16 жастағы жасөпірімнің иығына 50 сантиметрлік мұз құлаған»,  – дейді қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ринат Валишанов. 

Оқиғаға куә болған көршісі жедел жәрдем шақыртқан. Жасөсіпірім балалар ауруханасының жарақат бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның миы шайқалғанын, әзірге бақылауда болуы керегін айтады. 

Осы жағдайдан кейін әкімдік жергілікті пәтер иелері коперативіндегілерге шатырлардағы мұздарды жаппай тазалауды тапсырыпты. 

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар