$ 487.37  532.94  5.09

Путин әскерилерге смартфон қолдануға тыйым салды

Ресей президенті Владимир Путин әскери қызметкерлерге смартфон мен интернетке қосылатын басқа да құрылғыларды қолдануға тыйым салатын заңға қол қойды деп жазады Азаттық.

Ресейдің құқықтық ақпарат орталығы сайтында жарияланған құжатта әскери қызметкерлерге БАҚ өкілдеріне, интернетте жұмыстары туралы, бұрынғы әріптестері мен олардың туыстары жайлы жариялауға тыйым салынатыны айтылған. Ресей думасында 408 депутат заңды қолдап дауыс берген.

Бұған дейін Ресей әскерінің 2014 жылы Украинаға, 2015 жылы Сирияға барғаны әлеуметтік желілерде жарияланған әскери мәліметтерден белгілі болған. Журналистер 2014 жылы Донбаста Малайзияның жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына қатысты деректерді әлеуметтік желіден алған. Сарапшылар интернеттегі деректер негізінде ұшақты ресейлік «Бук» әскери қаруынан атқаны дәлелденгенін айтқан. Журналистер мен сарапшылар интернеттегі деректерге сүйеніп, Сириядағы «Ресей күштері бомбалаған» ғимараттарды анықтаған.

Құқық қорғаушылар Путин қол қойған жаңа заң Ресей армиясында әлімжеттіктің көбеюіне әсер етуі мүмкін деп санайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары