$ 494.87  520.65  4.91

Теміртауда көлік мектептің алдында оқушыны қағып кетті

Теміртауда 6 наурызда көлік орта білім беретін №4 мектептің алдында баланы қағып кетті деп жазады Nur.kz.

Оқушы жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен. Соққының салдарынан оның аяғы сынды.

Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына дереу келмеген. Себебі, куәгерлер мекен-жайды дұрыс хабарламапты.

«Жедел жәрдем шақыру бөлімшесіне хабарласқандар мекен-жайды қате айтқан. Олар мектепті бұрынғы атауымен №16 деп айтыпты. Бірақ қазір бұл мектеп №4 деп өзгертілген», – дейді куәгер.

Бұл ретте жедел жәрдем қызметкерлері өздерінен қателік кетпегенін айтып, көпшіліктің мекен-жайды айтуда жиі қателесетіндерін алға тартты.

Оқушы орталық ауруханаға жатқызылды. Ал көлік жүргізушісімен полиция жұмыс жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары