Алғашында Жұлдызбен жасырын кездесіп, үйленгендерін көпке дейін мойындамаған әнші Айқын Төлепберген тоқалына деген сезімін алғаш рет жария түрде жеткізді.
10 наурыз күні «КешYOU» тобының бұрынғы солисі Жұлдыз Өмірғали достарымен бірге 24 жасқа толған туған күнін атап өтті. Айқын Жұлдызбен түскен суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.
«Алтыным, туған күнің құтты болсын. Мен сені қатты жақсы көремін ғой», – деп жазды ол.
Желі қолданушыларының бірі оларға бақыт тілесе, енді бірі әншіге бәйбішесін де ұмытпауды ескертті.
Айта кетейік, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің арасында бір ұл бала бар. Қазір жас жұбайлар екінші сәбилерін күтіп жүр.