16 жастағы Михаил Марченконы полицейлер 8 наурыз күні тапты деп жазады mgorod.kz.
Анасының айтуынша, баласы дін аман.
«8 наурыз күні кешкі сағат 18:00-де ұлымды полицейлер тапты. Ол Зачагандағы достарының үйінде болған. Мүмкін ол ересек адам сезінген болар өзін. Өйткені, арамызда ешқандай кикілжің болмаған. Неге олай істегенін сұрасам, үндемейді. Енді бұл жағдай қайталанбас үшін оны психологқа апаруым керек.
Ұлымды іздеуге атсалысқандардың бәріне алғысым шексіз. Әсіресе, полицейлерге», – дейді жасөспірімнің анасы.
Еске сала кетейік, 24 ақпан күні Михаил Марченко үйінен шығып, қайта оралмаған. Жасөспірімнің анасы ұлының жоғалғанын әлеуметтік желіге жазып, құқық қорғау органдарына хабарлаған.