$ 494.87  520.65  4.91

«Күйеуім сабайды, кететін жерім жоқ, несием бар»: жас келіншек жұрттан жалынып көмек сұрады

Жас келіншек Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде күйеуінен зәбір көргенін айтып, жұрттан көмек сұрады.

 Айтуынша, ол 2017 жылы үлкен қызының еміне деп Kaspi банктен несие алыпты. 

«Үлкен қызым тұрмысқа шығарда артымнан еріп келген. Энурез диагнозын қойған. 2018 жылға дейін төлеп келдім несиені. Енді төлей алмай отырмын. Банктен күнде хабарласып, қорқытады. Енеңнің үйін тартып аламыз. Күйеуіңнің есеп шотын жабамыз дейді. 

Күйеуімнен қатты қорқамын. Себепсіз мені сабап тастайды. 1 жасқа толған ұлым жетім өспесінші деп шыдап жүрмін. Үлкен қызымды жақтырмайды деп өз шешеме апарып тастадым.

Банкке арыз жазып көрдім. Айына 10-15 мың теңеден төлеуге де келіспеді. Кететін жерім жоқ. Не істеймін. Ақыл айтыңыздаршы», - деп жазды келіншек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары