$ 494.87  520.65  4.91

Демалыс күндері Жайық өзенінен 3,1 тонна өлі балық алынды

Өткен демалыс күндері Жайық өзенінен 3,1 тонна өлі балық жинап алынды. Бұл жайында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің ресми өкілі Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасына жазды деп жазады ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 7-8 наурыз күндері Жайық өзенінің мұзы ерігеннен кейін «Арнайыавтобаз» ЖШС, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы, Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы қызметкерлері 493 келі өлі балық жинады. 9-10 наурыз күндері Атырау қаласы тұрғындарының көмегімен 2 621,5 келі өлі балық жинап алынды. 2019 жылдың 7-11 наурызы аралығында Жайық өзенінен жинап алынған өлі балықтың жалпы салмағы 3,1 тоннаны құрайды», - деп жазды ол.

Оның жазуынша, жинап алынған балыққа және шығынға қатысты акті жасалды. Құжат 2018 жылдың желтоқсанында Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркеледі. Жалпы Атырау облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 336 және 328 баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғаған.

«Балықтардың өлу себебі тергеу іс-қимылдары аяқталғаннан кейін нақтыланады. 2019 жылдың 11 наурызына дейін 111,2 тонна өлі балық жинап алынды. Өлі балықтарды жинау жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Сәкен Ділдахмет.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Балық #Жайық