$ 494.87  520.65  4.91

«Бойда тұрған не бар?»: Қазақстандағы ең ұзын адам болашақ жарына қоятын талаптарын айтты (ВИДЕО)

Қазақстандағы ең ұзын адам Қалдыбай Атажановтың бойы – 2 метр 40 см. Орта жастан асқан ол әлі күнге дейін үйленбеген. «Өз ойым» бағдарламасында қонақта болған Атажанов болашақ жарына қоятын талаптарын айтты.

«Үйленбегенім рас. Бірақ, уақытша келіп-кететіндер бар ғой. Бойда тұрған не бар? Бойы 2 метр болып, іші бос болса қайтеміз? Болашақ жарым діндар, ата-енесін және үлкендерді сыйлайтын болса деймін. Қазақтың менталитетін бойына сіңірген және ақыл тоқтатқан, есі бар болуы керек. Перзент әкелсе деймін. Сол үшін жасы 25-35-тің арасынеда болса жақсы болар еді. Өйткені 40 жаста әйел тоқтайды ғой», – дейді Қалдыбай Атажанов.

Қазақтың ең бойшаң азаматы ұрпақ сүюді армандайтынын жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары