$ 495.2  522.34  4.94

Қостанайда тұрғын үйлердің бірі өртеніп, ер адам қайтыс болды

11 наурыз күні сағат 20:20-да өртке қарсы қызмет пультіне Лисаковсктегі бес қабатты үйлердің бірі өртенгені жайлы хабар түскен деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Өрт 4-қабаттағы пәтердің бірінен шығып, балкон арқылы 5-қабатқа көтерілген. Өрттің жалпы аумағы – 60 шаршы метр. 

20 адам эвакуацияланды. Олардың 5-еуі балалар. 

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіруді сағат 21:14-те бастап, 1 сағаттан соң ғана аяқтады. Пәтерден 1968 жылғы ер адамның денесі табылды. Газдан уланған 1923 жылғы әжей ауруханаға жеткізілді. 

Алдын ала болжам бойынша, өрт темегі шегіп тұрып, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан шыққан. 

Тілсіз жауды сөндіруге 14 өрт сөндіруші мен 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. 

Дереккөз: NewTimes.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары