Қазақстандағы ең ұзын адам Қалдыбай Атажановтың бойы – 2 метр 40 см. Орта жастан асқан ол әлі күнге дейін үйленбеген. «Өз ойым» бағдарламасында қонақта болған Атажанов болашақ жарына қоятын талаптарын айтты.
«Үйленбегенім рас. Бірақ, уақытша келіп-кететіндер бар ғой. Бойда тұрған не бар? Бойы 2 метр болып, іші бос болса қайтеміз? Болашақ жарым діндар, ата-енесін және үлкендерді сыйлайтын болса деймін. Қазақтың менталитетін бойына сіңірген және ақыл тоқтатқан, есі бар болуы керек. Перзент әкелсе деймін. Сол үшін жасы 25-35-тің арасынеда болса жақсы болар еді. Өйткені 40 жаста әйел тоқтайды ғой», – дейді Қалдыбай Атажанов. Қазақтың ең бойшаң азаматы ұрпақ сүюді армандайтынын жасырмады.