$ 444.22  476.38  4.82

Теміртауда өрттен екі ер адам қаза тапты

Теміртауда тілсіз жау екі ер адамның өмірін жалмады. Құтқарушылар олардың мәйітін өртенген пәтерден алып шықты деп жазады Nur.kz.

Металлург көшесіндегі тоғыз қабатты үйдегі пәтерлердің бірінен балкон мен қонақ үй бөлмесінен ер адамдардың мәйіті табылды.

«Оқиға орнынан 1957 және 1953 жылы туған екі ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта олардың өлімінің себебі анықталуда. Өрт шыққан аймақтан 22 адам сыртқа шығарылды», – дейді Теміртау Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары